ШұғылҚазақстанда тағы 658 адамнан коронавирус анықталды

Микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға 5,7 млн теңгеге айыппұл салынды

Екі микроқаржы ұйымына 1 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың желтоқсанында қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне алаяқтық және басқа заңсыз әрекеттердің болу мүмкіндігі тұрғысынан мониторинг жүргізді. Нәтижесінде, агенттік микроқаржы ұйымдары мен ломбардтарға қатысты жалпы сомасы 5,7 млн теңгеге айыппұл салу түрінде 30 әкімшілік жаза қолданып, 9 жазбаша ұйғарым шығарды.

«TAS CREDIT» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ) жарияланған күнгі қызметіне сәйкес келмейтін жарнаманы тарату немесе орналастыру түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 416 700 теңге сомаға айыппұл салынды.

Сыйақы мөлшерін көрсетпеу түріндегі әкімшілік құқық бұзғаны үшін «Ломбард Пятачок» ЖШС-ға, «Ломбард Доверие» ЖШС-ға, «0,18% Lombard» ЖШС-ға, «Алтын Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард Кредит kz» ЖШС-ға, «ЛОМБАРД СТОЛИЧНЫЙ КЗ» ЖШС-ға, «Тез Ломбард» ЖШС-ға, «Цифра Ломбард» ЖШС-ға, «Экспресс займ МҚҰ» ЖШС-ға, «Ломбард «Срочно деньги» ЖШС-ға, «Ломбард Status&Ko» ЖШС-ға, «Ломбард «Народный KZ» ЖШС-ға, «Ломбард «Агат-Т» ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 4,7 млн теңгеге айыппұл түрінде 27 әкімшілік жаза қолданылды.

«Микроқаржылық қызмет туралы» заңда көзделмеген қызметті жүзеге асырғаны үшін «Лидер – Капитал 168» МҚҰ» ЖШС-ға қатысты жалпы сомасы 555 600 теңгеге айыппұл түрінде 2 әкімшілік жаза салынды.

«Адиль-Ломбард» ЖШС-ға, «Ай-Н Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард-Қаржы» ЖШС-ға, «Ломбард «ҰЛЫ ШЫҢ» ЖШС-ға, «Голд-Юг-Ломбард» ЖШС-ға, «Ломбард  «Комфорт» ЖШС-ға, «Оңтүстік Финанс-Ресурс» кредиттік серіктестігі» ЖШС-ға, «Creditum» микроқаржы ұйымы» ЖШС-ға, «TESQUA FINANCE» МҚҰ» ЖШС-ға микрокредит беру туралы үлгі шарттардың ҚР заңнамасы талаптарына сәйкес болмағаны үшін 9 жазбаша ұйғарым шығарылды.