12.01.2021, 13:24
Үкімет
Биыл Қазақстанда шетелдік жұмысшылардың үлесі қанша болады?
Елімізде 14,6 мың шетелдік азамат жұмыс істеп жүр
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға қатысты жыл сайынғы квота биыл республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады. Қазір 1,7 мың кәсіпорында 14,6 мың шетел азаматы жұмыс істейді, ал қазақстандық қызметкерлердің үлесі - 96%. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
2021 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат мына санаттар бойынша:
- Басшылар және олардың орынбасарлары - 1 354 рұқсат;
- Құрылымдық бөлімшелердің басшылары - 7 510 рұқсат;
- Мамандар мен білікті жұмысшылар - 12 235 және 4 170 адам;
- Маусымдық жұмыс үшін 2 976 адамға рұқсат берілді.
Еске сала кетейік, былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі еңбек нарығын білікті емес шетелдік жұмыс күшінен қорғау және қазақстандықтар үшін жұмыс орынын сақтау үшін ШЖК тарту квотасы 2019 жылмен салыстырғанда 40%-ға қысқартылды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды