Тоқаевқа «Теңіз» кенішіндегі эпидемиологиялық ахуал баяндалды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» ЖШС-ның бас директоры Имер Боннерді қабылдады

Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус індетіне қарсы күрес жұмыстары жайында баяндалды.

Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.

Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.