Сенат сыраны жарнамалауға тыйым салды

Жарнамаға толық тыйым салынса да, сыра өндірісі 11%-ға артқан

Сенат сыраны жарнамалауға тыйым салды
көрнекі фото: Depositphotos

Сенат депутаттары Мәжіліске ақпарат мәселелері жөніндегі заң жобасын қайтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сенаторлар жобадан отандық алкогольді жарнамалау туралы норманы алып тастауды ұсынды.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауар таңбасын және сыра атауын жарнамалауға рұқсат енгізіледі. Алайда, ҚР Қаржы министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы сыра өндірісі мен шығарылымы 11%-ға ұлғайды, бұл ретте өсім осы өнімге жарнамаға толық тыйым салынған кезде болды. Жоғарыда баяндалғанды негізге ала отырып, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының редакциясынан отандық тауар белгілерін және сыраның атауын БАҚ-та жарнамалауға құқық беретін нормаларды алып тастау ұсынылады», - делінген Сенат комитетінің қорытындысында.

Айта кетерлігі, бұған дейін аталған норманы Мәжіліс мақұлдаған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.