Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда 2021 жылдың ақпанынан бастап ерікті түрде жаппай вакцинация басталады

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы уағдаластықты іске асыру аясында «Спутник V» вакцинасын өндіруді бастап берді.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

«Қазақстанда өндірілген «Спутник V» екпесін жаппай егу 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы ауруы бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады», - деді Премьер-министр.

Еске салайық, 19 желтоқсанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы басталды. Оның шеңберінде 3 мың ерікті азаматқа екпе егілуде.