Қазақстанда құрастырылған тікұшақтың алғашқы партиясы тапсырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тікұшақтың тұсаукесері 12 желтоқсанда Алматы қаласында өтті

Фото: ИИДМ

Алматы қаласында «№ 405 авиажөндеу зауытында» Төтенше жағдайлар министрлігіне арнап жасалған Ми-8АМТ тікұшағының бірінші партиясы салтанатты түрде тапсырылды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараға «Вертолеты России» АҚ және Қазақстанның мемлекеттік органдарының басшылығы қатысты.

Ми-8АМТ – көп мақсатты, екі қозғалтқышты тікұшақ. Көптеген азаматтық және әскери тапсырмаларды орындау үшін 50-ден астам елде кеңінен қолданылады.

Құрастырылған тікұшақтар жолаушы мен жүк тасымалдау, авариялық-құтқару жұмыстары, ормандарды күзету, өрт сөндіру, санитариялық авиация қызметтерін көрсету, сонымен қатар құқық қорғау жұмыстарын орындау бойынша әлеуметтік маңызды міндеттерді шешуге арналған.