$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 11:27
Үкімет

Табысы төмен азаматтар үшін «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Бүгін Үкіметте 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» тұрғын-үй бағдарламасының жаңа жобасы мақұлданды

Табысы төмен азаматтар үшін «5-20-25» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Жобаға табысы төмен азаматтар үшін баспанаға қол жеткізуге мүмкіндік беретін тағы бір бағдарлама енгізілген. Жаңа бағдарлама туралы өз баяндамасында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

«Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру» атты бірінші міндеттің шеңберінде тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізіледі. Айқындаушы фактор - халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады», - деді Б. Атамқұлов.

Скриншот: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов баяндамасынан

Министрдің сөзінше, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бұрынғыдай көпбалалы, мүгедек баласы бар отбасыларға және табысы 2 күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар үшін қолжетімді болады.

«Ал табысы күнкөріс деңгейінен 3,1-ге төмен азаматтарға «5-20-25» бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1-ден ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25« бағдарламасы ұсынылады. Табысы 5-тен төмен күкөріс деңгейінен асатын адамдар бастапқы және  кейінгі нарықтан тұрғын үй сатып алу үшін қолданыстағы нарық өнімдерін пайдалана алады», - деді министр.

Кішігірім түсіндіре өтсек, отбасының жан басына шаққандағы табысы 29 700 теңгеден төмен болса, жалдамалы пәтер алады. Егер табысы 59,4 мың теңгеге дейін болса «Бақытты отбасы», Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын бағдарламаларға ғана қатысады. Ал жан басына шаққандағы табыс 148 500 теңгеден асса, тек нарықтық жолмен, яғни үкіметтің көмегінсіз үй алуға тура келеді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары