$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2019, 11:03
Үкімет

Мемлекеттік қызметкерлер де «дипломмен ауылға» баруы мүмкін

Үкімет сағатында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен ауылдарда дербес бюджет енгізу талқыланып жатыр 

Мемлекеттік қызметкерлер де «дипломмен ауылға» баруы мүмкін

Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мемлекеттік қызметкерлерді де «Дипломмен ауылға» жобасына қатысатын мамандар санатына қосуды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.

Үкімет сағатында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мен ауылдарда дербес бюджет енгізу талқыланып жатыр.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті енгізілсе, ауылдық округтердің қаржылық мүмкіндіктері кеңейеді; жергілікті мәселелерді шешуде халықтың рөлі күшейеді; ауылдық округ әкімдері аппараттарының жауапкершілік пен құзіреттілігі артады.

Қазір министрлік бірқатар ұсыныстар әзірлерп, ұсыныстар басқа тараптардан қолдау тапса, тиісті өзгерістерді заңға енгізбекші. Руслан Дәленов сол өзгерістерді атады.

«Біріншіден, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктері мен функцияларын кеңейтуді ұсынамын. Екіншіден, қосымша салық және төлем түрлерін беруді ұсынамыз. Үшіншіден, ауылдық округтер үшін бюджеттік процедураларды жеңілдетуді ұсынып отырмыз. Ауылдық округтер бюджеттерінің көлемін ескере отырып, бюджеттік процестердің күрделілігін азайту қажет деп санаймын. Төртіншіден, ауылдағы кадр тапшылығын шешу үшін, мемлекеттік қызметшілерді «Дипломмен ауылға!» жобасына қосуды ұсынамы. Осы ұсыныстардың барлығы біз әзірлеп жатқан заң жобасында қарастырылады.», - деді министр.

Айта кетейік, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2009 жылдан бастап республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Осы уақытқа дейін 60 мыңнан астам маман қолдау тапқан.

«Оның ішінде, 27 мыңнан астам адам тұрғын үй алды. Ауылға келетін адамдарға 250 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы беріледі. Соның ішінде, 4 млн теңгеге 0,1 пайызбен тұрғын үй алу үшін несие беріледі. Осы бағдарламаға Республикалық бюджеттен жыл сайын 14 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы қаражат 20 млрд теңгеге дейін жетпек», - деді Дәленов.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары