Қазақстан дизель отынын импорттауға салынған тыйымды ұзартпақ

Автор: Azattyq Rýhy

Әлі түпкілікті шешім қабылданбаған

Фото: Энергетика министрлігі

Бұл туралы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барған Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. Ведомствоның алдағы жоспарына тоқталған министр дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзарту жоспарланып отырғанын айтты. 

«Біз қысқы және арктикалық отынды қоспағанда, дизель отынын импорттауға тыйым салуды келесі жылдың сәуіріне дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады, бірақ ішкі нарықты дизель отынымен толтыру үшін алғышарттар бар екенін атап өткім келеді», - деді министр.

Министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар пандемия  кезінде қоймалардың толып кетуіне жол бермес үшін шаралар қабылдап, зауыттардың тоқтап қалуына жол бермей, ішкі жанар-жағармай нарығында теңгерімді сақтап қалған.