Марқұм Щегельскийдің Мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Экс-депутат 17 қазанда жүрек талмасынан қайтыс болды

Глеб Щегельский. Фото: inbusiness.kz

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында марқұм Глеб Щегельскийдің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Щегельский Мәжілістің V-VI шақырылымындағы депутаты болды. Төменгі палатаның экология және табиғатты пайдалану комитетін басқарған.

Глеб Щегельский 2020 жылдың 17 қазанында 51 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұмның артында төрт баласы қалды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда келесі Мәжіліс пен маслихаттар сайлауы бір күнде - 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан