Азамат Әмірғалиев Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін аталмыш ведомствода жауапты хатшы болды

Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Азамат Әмірғалиев Әділет министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университеті мен халықаралық бизнес мектебін (MBA) тәмамдаған.

1998-2006 ж.ж – ҚР Әділет министрлінігінің құрлымында түрлі қызмет атқарған.

2006-2009 ж.ж – ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімі басшысының орынбасары;

2009-2011 ж.ж. – «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы;

2011-2019 ж.ж. - ҚР Президенті іс басқармасында заң бөлімін басқарып, аппарат басшысы қызметін атқарған.

2019 жылдың наурызынан бастап Әділет министрлігінің жауапты хатшысы болды.