Тоқаев Әділет министрлігінің жауапты хатшысын қызметінен босатты

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін Президент министрліктердегі жауапты хатшы лауазымын қысқарту керегін айтқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аталған қызметке Азамат Әмірғалиев 2019 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Оған дейін 2011 жылдан бастап ол ҚР Президенті іс басқармасында заңгерлік, ұйымдастыру және кадр мәселелерімен айналысқан. 2017 жылдың қаңтарынан бастап осында аппарат басшысы болды.