21 қазанда Реформалар жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтеді
Үкімет басшысы Асқар Мамин ҚР Президентінің кеңесшісі – Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесу өткізді.
Тараптар биылғы 21 қазанда болатын Реформалар жөніндегі жоғары кеңеске дайындықты, оның ішінде тұрақты әрі сапалы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, стратегиялық жоспарлауды жетілдіру, сондай-ақ экономиканың түрлі секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі бастамаларды талқылады.
Еске сала кетейік, 18 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Чакрабартимен кездесіп, кеңестің алғашқы отырысы қанша өтетінін хабарлады.