Баға ұсыныстарын іріктеу арқылы 3,6 млрд теңге үнемделген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тікелей жұмыс істеп, 7,7 млрд теңгеге жуық тиімсіз шығынның алдын алды, тиісінше, 1,5 мың тапсырыс берушінің бюджеті оңтайландырылды.
«Білім және ғылым министрлігінің жергілікті атқарушы органдарының оқушыларды қашықтан оқытуға арналған компьютерлер, ноутбуктер мен планшеттер сатып алуын сүйемелдеу туралы өтініші бойынша жұмыс жүргізілді. Техника әлеуметтік осал санаттағы оқушылардың уақытша пайдалануына арналған. Бұл мақсатта Үкімет қорынан 70 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Қоғамдық бақылау аясында қаражатты бөлу жөніндегі комиссия жұмысына «Адалдық алаңы» өңірлік жобалық кеңселерінің, арнайы мониторинг топтарының және агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енді. «Баға-сапа» арақатынасы қағидаты баға ұсыныстарын іріктеу арқылы шамамен 3,6 млрд теңге үнемделді», - деп хабарлайды агенттік.
Агенттік бұл ретте БҒМ-ның бірлескен бастамасын жоғары бағалайды, сондай-ақ мұндай тәжірибені басқа мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолдануын құптайды.