Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол 2016 жылдың 24 наурызынан бастап Парламент Мәжілісінің депутаты болған

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Асылбек Смағұловтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин айтты.

«ҚР Парламенті Мәжілісінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі Смағұловты ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындау туралы қаулысының негізінде қабылданған ҚР ОСК-ның 2020 жылғы 16 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, депутат Асылбек Айжарықұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамын», - деді Қ. Мусин.

Палата депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Асылбек Смағұлов жақында ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды. Ол 2016 жылдың 24 наурызынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.