Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті құрылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда екі комитет құрылды

Фото: ашық дереккөзден

Үкімет қаулысымен ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті қайта құрылады.

Нақтырақ айтқанда, қаулыға сәйкес, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің орнына екі комитет құрылады:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
  • Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.

Қаулы негізінде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік заңды тұлғалары қайта аталады.

Үкімет қаулысы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.