Заң жобасы 10 қыркүйекте Сенат отырысының бірінші оқылымында мақұлданған
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сенатор Әбдәлі Нұралиевтің айтуынша, заң жобасының мақсаты бірқатар нысандарды табиғи аумақтар қатарына қайтару рәсімін жеңілдетуді көздеп отыр.
«Қаралып отырған заң жобасының негізгі мақсаты - туризм объектілерін, ерекше маңызы бар құрылыстарды салу және олардың жұмыс істеуі үшін бұрын шығарылған, мақсаты бойынша пайдаланбаған жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына қайтару рәсімін оңайлату. Заң жобасымен Жер кодексіне, сондай-ақ, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр», - деді Әбдәлі Нұралиев.
Заң жобасы бойынша Сенаттың тұрақты комитеттері мен депутаттарынан ұсыныстар түспеген.
Қаралып отырған заң жобасың қабылдау арқылы аталған мәселелерді шешуден бөлек, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени құндылығы бар әрі кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендерді және табиғи-қорық объектілерін сақтау, экологиялық туризмді дамыту мен табиғат қорғау мекемелерінің өз қаражатын ұлғайту мүмкіндіктері болады күтілуде.
Айжан Қалиева, Нұр-Сұлтан