Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен шығарды

Автор: Azattyq Rýhy

Испания, Ирак, Франция сияқты мемлекеттер әлі де Польша үкіметінің «қара тізімінде» қала береді

Фото: traveling.by

16 қыркүйектен бастап Польша үкіметінің өкімімен, Қазақстан Варшаваға тікелей әуе қатынасына тыйым салынған елдердің тізімінен шығарылды.

Қазақстан бұл тізімнен COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғаны үшін шығарылып отыр.

Сондай-ақ АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдавия, Перу, Франция, Черногория сияқты 30 мемлекет Польшаның тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салынған елдердің тізімінде қала береді. Польша үкіметі бұл тізімге шетелдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты әр екі апта сайын өзгеріс енгізіп отырады.