Қазақстанда виза беру тәртібіне өзгеріс енгізілді
Қазақстан Республикасына шақыруларды ресімдеу және визалар беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және ҚР Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына (бұдан әрі - қағидалар) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 2020 жылғы 18 қыркүйектен бастап:
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Сыртқы істер министрліктері және шет елдердегі мекемелер көрсететін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі (стандарттар мен регламенттер) айқындалды;
ҚР Ішкі істер министрлігі «Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу», «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді;
ҚР Сыртқы істер министрлігі және шет елдердегі мекемелер «Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Қазақстанның халықаралық әуежайларында визаларды беру өкілеттігі ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді;