Бұл туралы Мемлекет басшысы халыққа жолдауында айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырды.
«ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын», - деп мәлім етті Мемлекет басшысы.
Еске салсақ, Қазақстанда Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылдың 6 тамызында таратылып, Ішкі істер министрлігінің қарамағына өткен болатын. Соңғы 6 жылдан бері комитет ретінде жұмыс істеп келеді.