Президент Үкіметке білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде мектеп оқушылары мен студенттерді Білім күнімен құттықтады.
«Бүгін жаңа оқу жылы басталады. Сіздерге өз күш-жігерлеріңізге, талпыныстарыңызға, еңбектеріңізге сүйене отырып, болашақтағы жетістіктеріңіздің іргетасын қалау міндеті тұр. Жаңа әлемдегі ең құнды дүние саналатын білімге жол ашатын ұстаздарға табыс тілеймін. Пандемия мектептер мен жоғары оқу орындарындағы оқу жылының басталуына кері әсерін тигізді. Бірақ бұл уақытша құбылыс», - деп жазды Президент.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Үкіметке балалар мен жастардың арасында қауіпті індеттің алдын алып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, білім берудің дәстүрлі қалпына оралу тәртібін әзірлеуді тапсырды.