Жұмысын қайта жалғайтын нысандардың тізімінде кинотеатрлар жоқ
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды.
Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.
Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:
«Барлық нысандар тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін ғана жұмысқа кірісуге рұқсат беріледі. Өңірлердің әкімдіктері Денсаулық сақтау министрлігі, «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қоғам белсенділерін тарта отырып, енгізілетін нысандардың барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтауын қамтамасыз етуі қажет», — деп атап өтті Е. Тоғжанов.