Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстеріне енгізілген шектеу алынатын болды
2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне шектеулер алынады.
Бұған дейін COVID-19 инфекциясының таралуы жағдайына байланысты, Түркия тарапы 5 тамыздан бастап Қазақстан жолаушыларының кіруіне шектеулер енгізген болатын.
«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен келісім жүргізген. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таралуының тұрақтануы мен жағдайдың жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады», - делінген ИИДМ хабарламасында.
Қазақстан мен Түркия арасында қатынайтын рейстер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясы сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.