Ақпарат министрлігі алматылық журналистердің шағымына пікір білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін Алматы қалалық мәслихат отырысына баспасөздің қатысуына рұқсат берілмеген

Фото: vlast.kz

Бүгін бірнеше алматылық журналист Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне шағымданып, сағат 16.00-де болатын Алматы қалалық мәслихат отырысына баспасөздің қатысуына рұқсат бермеуіне, сондай-ақ онлайн-трансляция ұсынбауына байланысты түсініктеме беруін сұрады.

Осы жайтқа байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түсініктеме беріп, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңның 13-бабын сақтауды ұсынды.

«Заңға сәйкес Қазақстанда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілетті және атқарушы органдарының жиналыстары ашық болады», - делінген.

Министрліктің хабарлауынша, мемлекеттік органдар өткізген шаралардың интернет-ресурстарда онлайн трансляциясы ұсынылып, ақпаратпен қамтамасыз етуі керек.