Мамин «Роскосмос» басшысымен бірлескен ғарыш зымыран кешенін құруды талқылады

Автор: Azattyq Rýhy

Одан бөлек, Жерді қашықтан зондтау мәселесін талқылады

Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді.

Екі тарап ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы, оның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын одан ары дамыту мен Жерді қашықтан зондтау саласындағы өзара іс-қимылды талқылады.

«Бәйтерек» бірлескен ғарыш зымыран кешенін («Назарбаев старты») құру жобасына және БАӘ-мен бірлескен, «Гагарин стартын» жаңғыртудың үшжақты жобасына ерекше назар аударылды.

Кездесуге ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин қатысты.