Қазақстанда халық санағы 2021 жылға қалдырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады

Фото: newtimes.kz

Қазақстанда 2020 жылдың 1-30 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған халық санағы 2021 жылға ауыстырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

«ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу 2020 жылғы 1-30 қазан аралығына жоспарланған еді. Елімізде коронавирус инфекциясының таралуы мен енгізілген карантиндік шектеу шаралары бойынша қалыптасқан жағдайға байланысты Ұлттық халық санағын 2021 жылдың қазанына ауыстыру туралы шешім қабылданды», - делінген хатта.

Ұлттық халық санағын өткізу әдістері өзгеріссіз қалады, яғни 2021 жылы 1-15 қазан аралығында мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында интернет-сауалнама жүргізіледі, 1-30 қазан аралығында мәліметтерді жинау үшін интервьюерлер жауаптарды планшеттерге тіркей отырып, халыққа жаппай сауалнама жүргізеді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан