Қазақстандықтар енді Сауд Арабиясына аптасына 28 рет емес, 70 рет ұша алады

Автор: Бақыт Шынар

Бұған екі елдің үкімет келісті

Фото: Көлік министрлігі

Қазақстан мен  Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты рейс саны көбейді: енді екі ел арасында рұқсат етілетін  тұрақты рейстің саны аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін көбейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл туралы Қазақстанның Көлік министрлігі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, кеше, 26 тамыз күні Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сауд Арабиясы Корольдігінің Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге қол қою рәсімі өткен.

Құжатқа Қазақстан тарапынан Көлік вице-министрі Талғат Ластаев және Сауд Арабиясы Корольдігінің Азаматтық авиация бас басқармасы президентінің міндетін атқарушы Сулейман бин Ахмед Альбассам қол қойған көрінеді.

«Осы уағдаластық аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтты», - деп хабарлайды министрлік.

Енді осы бағытта елдің әуе компаниялары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашып, Сауд Арабиясының басқа қалаларына ұшатын бағыттардың санын арттыруды жоспарлап отыр.