$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2020, 13:32
Үкімет

«Статистика қолымда тұр». Алексей Цой жаңа деректерді қашан жариялайтынын айтты

Министр осы аптадан қалдырмай біріккен статистиканы жариялауға уәде берді

«Статистика қолымда тұр». Алексей Цой жаңа деректерді қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанда 1 тамыздан бастап коронавирус инфекциясы мен коронавирустан болған пневмония статистикасы қосылды. Әзірге Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырғандар мен пневмониямен ауырғандардың санын ашық айтса да, ауырғандар мен өлім-жітім саны толық бір тізімге енгізілген жоқ. Яғни, коронавирустан болған өлім-жітім мен жұқтырғандар саны бір бөлек, ал пневмония мен одан болған өлім-жітім бөлек тізімде. Сонымен қатар, аймақтар бойынша да жеке деректер жоқ.

Бүгін журналистер Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан оның 17 шілде күні жасаған мәлімдемесі, яғни ортақ ортақ статистика нәтижесі қашан жарияланатынын сұрады. Сондай-ақ журналистер министрге аймақтар бойынша жеке-жеке статистика қашан дайын болатыны туралы сұрақ қойды.

«Алдағы бір-екі күнде біз цифрларды жариялаймыз. Жалпы, статистика қазір менің қолымда бар, бірақ оны халық жазба түрінде, электронды нұсқада көргені дұрыс. Осы аптадан қалдырмай, біріккен статистиканың тізімін жариялаймыз», - деді Цой.

Сондай-ақ министр пневмонияны коронавирус статистикасына қосуды неліктен 1 тамыздан бастағанын тағы да түсіндірді

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

 

Серіктес жаңалықтары