Ал, Алматы мен Қаскелең арасында күніне 60 мың көлік жүреді
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін үкіметте Алматы мен оған іргелес елді мекендердегі көлік қатынасы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дархан Сатыбалдыға сенсек, мегаполиске күн сайын 300 мың автокөлік кіреді. Оған қала ішіндегі көліктерді қосқанда, қалада күн сайын 1 миллионнан астам көлік ары-бері қатынайды.
«Ал, Алматы мен Қаскелең арасындағы жол «Алматы агломерациясындағы» ең қарқынды жол учаскелерінің бірі. Бұл жолмен күн сайын шамамен 60 мың автокөлік жүреді», - деп мәлім еткен Сатыбалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, үкімет халықтың президентке айтқан шағымынан кейін осы трассаны кеңейтетін болды.