«СҚ-Фармация» компаниясына жаңа өкілеттіктер берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Құжатқа 23 шілдеде қол қойылған және қолданысқа енген

Фото: sk-pharmacy.kz

«СҚ-Фармация» ЖШС-не бөлшек сауда желісінде шекті бағамен өткізу үшін дәрілік заттарды көтерме саудада сатып алу жөніндегі өкілеттіктер беріледі. Бұл туралы ҚР Үкіметінің 23 шілдедегі қаулысы «Әділет» порталында жарияланған.

«СҚ-Фармация» ЖШС-не кейіннен бөлшек сауда желісінде шекті бағамен өткізу үшін дәрілік заттарды көтерме саудада сатып алу жөніндегі өкілеттіктер берілсін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын», - делінген Үкімет қаулысында.

Дәрі-дәрмек сатып алу жөніндегі бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС-не өкілеттіктер беру туралы Үкімет қаулысы күшіне енді.

Еске сала кетейік, 10 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент «СҚ-Фармация» мен Медициналық сақтандыру қоры басшыларын жұмыстан босатуды тапсырды.

12 шілдеде «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып Ерхат Есқалиев тағайындалды.