Бұл туралы бүгін өнеркәсіп және құрылыс министрі мәлімдеді
Бүгін үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» компаниясы 2030 жылға дейін Астанадағы «Stadler Kazakhstan» зауытынан 557 вагон сатып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын бұл зауыт былтыр Астанада ашылған еді.
«Өткен жылы Астана қаласында жылына 100 жолаушылар вагонын шығаратын «Stadler Kazakhstan» зауыты іске қосылды. Зауыт 2030 жылға дейін «Қазақстан темір жолы» компаниясымен 557 вагон жеткізу келісімшартына отырды», - деп мәлім етті Нағаспаев.
Тағы бір өндіріс орны, яғни, «ЗИКСТО» зауыты Қазақстан үшін жылына 200 жолаушылар вагонын шығарады.