Ол комманияларда 8 мыңнан астам адам қызмет етеді
Қазақстанның машина жасау саласында 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Бұл туралы бүгін үкіметте Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Оның айтуынша, отандық машина жасау саласының басым бағыттарының бірі – теміржол машина жасау секторы.
«Бүгінде сектордың машина жасаудағы үлесі 13% құрап отыр. Салада 60 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 8 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 22,5% өсіп, 734 миллиард теңгеге жетті», - деді Нағаспаев.
Жалпы соңғы 5 жылда вагон паркін жаңартуға бағытталған бағдарламаларға инвестиция тартудығ арқасында Қазақстан нарыққа әлемдік компанияларды да тартқан көрінеді.
«Соның нәтижесінде Wabtec, Alstom және Stadler секілді жетекші әлемдік компаниялар Қазақстанда өз өндірістерін ашты. Өнімнің жекелеген түрлері бойынша локализация деңгейі 35-40 % жетті», - деді Нағаспаев.