04.06.2026, 17:25
Үкімет
Қазақстан соңғы үш жылда «Болашақ» арқылы 994 адамды шетелге жіберген
Олар әртүрлі салада білім алды
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Соңғы үш жылда «Болашақ» бағдарламасы арқылы 994 стипендиат шетелдің үздік оқу орындарында білім алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі есеп беріп отыр.
«Соңғы үш жылда әлемнің жетекші университеттерінде 994 стипендиат білім алды. Экономика үшін сұранысқа ие бағыттар, оның ішінде ақпараттық технологиялар, инженерлік мамандықтар, машина жасау, медицина, қаржы және құқық салалары бойынша мамандар оқыды», - деп хабарлайды үкімет.
Бұдан өзге, 342 адам шетелдік жетекші ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтті.
Айта кетейік, биылдан бастап халықаралық олимпиадалардың, ғылыми конкурстардың және шығармашылық жарыстардың жеңімпаздары үшін бакалавриат бағыты ашылып отыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды