Еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ құрылмақ
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, Көбейтұз көлін қорғау бойынша алғашқы шараларды қабылдаған. Мамандар көлден алынған сынама кәдімгі қарапайым ас тұзымен бірдей екенін көрсеткенін айтады. Сондай-ақ қоғамдық бақылау кеңесі құрылып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының арасынан көлді тексеретін топ жасақталады. Қазір Экология министрлігі жағдайды талдап, қосымша шаралар әзірлеп жатыр.
Экология министрінің айтуынша, көлдер мен басқа да табиғи нысандарда болудың белгіленген тәртібін, санитарлық нормалар мен экологиялық заңнаманы бұзушылар жазаланады, айыппұлдар артады, заңбұзушылық үшін жауапкершілік күшейтіледі. Әкімшілік кодекстің 505-бабына сәйкес («Қалалар мен елдімекендердің аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын қирату, қаланың және елдімекендердің жасыл көшеттерді бұзу және бүлдіру» баптарына сәйкес) Көбейтұз көліндегі стихиялық қоқыс үшін бірнеше адам жауапқа тартылды.
«Сондай-ақ, экологиялық бекеттер құру жоспарлануда. Бірақ осы бірегей көлге құмартатындар саны артуда. Демек, жалпы алғанда, ең алдымен, азаматтарға мұндай жерлерде жүріп-тұру ережелерін түсіндіру және экомәдениетті көтеру, тұзды өзімен бірге алып кетуге болмайтынын, оның ешқандай емдік қасиеті жоқ екенін, ал көл туристердің осындай әрекеттерінен жойылып кетуі мүмкін екенін түсіндіру қажет. Сондай-ақ, біз қоғам белсенділерін, экологтарды, эко-белсенділерді осы жұмысқа жұмылдырмақшымыз», - деді министр.
Сондай-ақ, Экология министрі Көбейтұз көліне залал келтіргендерге қандай шара қолданылатынын да айтты.