Қазақстан коронавирус пен пневмония статистикасын қосып есептеуді 1 тамыздан бастайды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті

фото: ОКҚ

Қазақстанда коронавирус пен пневмония статистикасын қосып есептегеннен кейін, елдегі ауру саны мен өлім-жітім көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингтегі орны күрт нашарлайды деп күтіліп отыр. Алайда, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, ашық статистика ауруларды емдеу үшін шын мәнінде, неше төсек-орын, қанша дәрігер, басқа да қажетті ресурстар қажеттігін жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Бұған дейін атап өткендей, енді коронавирус инфекциясының тест арқылы расталған жағдайлары ПТР-тест растамаса да, пневмониямен ауырғындардың статистикасымен қосылады. Халықаралық классификацияны ескере отырып, COVID-2019 вирусын жаңаша кодтауды толығымен 1 тамыздан бастаймыз», - деп хабарлады Цой.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан