Премьер-министр Түркістан облысын сапарлап жүр
Премьер-министр Олжас Бектенов «Таза Қазақстан» акциясының аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазалап, айналасын абаттандырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Премьер-министрден басқа акцияға Экология министрі мен жергілікті халық қатысқан. Жалпы, олар бұлақтың айналасындағы 3,5 гектар жерді тазалаған көрінеді.
«Болашақта облыс бойынша 1,5 мыңға жуық бұлақ көзін тазарту жоспарланып отыр», - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков.
Жалпы, «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы биыл 23 наурызда басталған.