$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.07.2020, 17:22
Үкімет

Министрлер коронавирус құрбандарын аза тұтты

Бүгін сағат 12.00-де бір минут үнсіздік жарияланды

Мемлекеттік орган басшылары Министрліктер үйінің алдына шығып, коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бүгін елорда уақытымен сағат 12:00-де республика бойынша бір минут үнсіздік жарияланды. Жалпыұлттық аза тұту күніне орай, Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясының алдында індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды. Сонымен қатар рәсімге Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев, Президент Кеңсесінің бастығы Нұрлан Онжанов, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Ал басқа министрлер мен министр орынбасарлары Министрліктер үйінің алдына шығып, коронавирустан көз жұмғандарды аза тұтты.

Айта кету керек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдедегі телеүндеуінде 13 шілдені Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған еді. 

Серіктес жаңалықтары