$ 491.59  572.16  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Осы жылы Қазақстанда тағы 6 жол учаскесі ақылы болады: «ҚазАвтоЖол» тізімін жария етті

Жүргізушілердің өтінішімен төлем мерзімі 30 күнге дейін ұзартылмақ

Осы жылы Қазақстанда тағы 6 жол учаскесі ақылы болады: «ҚазАвтоЖол» тізімін жария етті
Фото: istockphoto.com

Республикада ақылы жолдардың саны тағы көбейеді. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтің айтуынша, биыл қосымша 6 жол учаскесінен ақы алына бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Иманашев ақылы автомобиль жолдарының инфрақұрылымы кезең-кезеңімен дамытылып жатқанын атап өтті.

«Қазір ел аумағында жалпы ұзындығы 4 мың 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол учаскесі бар. Биыл  қосымша жаңа 6 ақылы учаскені енгізу жоспарлануда», - деді Иманашев Үкімет отырысында.

Дәлірек айтқанда, осы жылдан бастап мына жолдар ақылы болады:

  • «Қарағанды–Балқаш–Бұрылбайтал» (554,6 км),
  • «Бұрылбайтал–Күрті» (226,4 км),
  • «Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат» (89 км),
  • «Талдықорған–Өскемен» (773 км),
  • «Атырау–Астрахань» (277 км),
  • «Мерке–Шу–Бұрылбайтал» (78 км).

«Сондай-ақ, ақылы жолдарда ақаулар анықталған жағдайда жол жүру ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілді. Қазіргі таңда 14 учаскеде (477 км) жалпы көлемі 1 млн 100 мың шаршы метр ақау тіркелді. Жөндеу жұмыстары биылғы жол-құрылыс маусымында қолға алынады», - деді «ҚазАвтоЖол» басшысы.

Сонымен қатар, азаматтардың өтініші бойынша төлем мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылады. Қазір өзгерістерді мемлекеттік органдармен келісу жұмысы жүріп жатыр.