Шаруалар кредит алу үшін әлі күнге дейін анықтамаларды қағаз түрінде тапсыруға мәжбүр – Бектенов

Автор: Нұргүл Абай

Үкімет басшысы тиісті органдарға тапсырма берді

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов шаруалардың арзан несие алу рәсімін толық цифрлық форматқа көшіруді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шаруалар осы уақытқа дейін несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсыруға мәжбүр. Бұл – өте қолайсыз әрі тым ұзақ», - дейді Бектенов Үкімет отырысында.

Осыған байланысты премьер ауыл шаруашылығы министрлігіне цифрлық даму министрлігімен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, диқандарға тиімді әрі ашық мемлекеттік қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие берудің техникалық рәсімін оңайлатып, оны цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырды.