Министр Қазақстанда автокөлік арзандайтынына уәде берді

Автор: Нұргүл Абай

Бағаның түсуіне нарыққа жаңа маркалардың шығуы әсер етпек

Фото: istockphoto.com

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев елімізде шығарылатын автокөліктердің бағасы төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біздің қазақстандық зауыттар жыл сайын автокөлік маркаларының түрлерін көбейтіп отыратынын білесіздер. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын баға сөзсіз төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автомобиль өндірісі қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де ықпал етеді», - деді Нағаспаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.