Рим, Токио және Вена: Қазақстан қай бағыттарға жаңа рейстер ашады

Автор: Нұргүл Абай

Он үш жаңа халықаралық әуе рейсін ашу жоспарланып отыр

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев авиация саласында ішкі және халықаралық әуе қатынастарын кеңейту жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, қазір туристік өңірлерді қамтитын 42 ішкі әуе бағытында рейстер ашылған, тағы 9 ішкі әуе қатынасы жаңартылады.

«Шетелдік туристерді тарту мақсатында Вена, Рим, Токио, Шанхай және басқа да бағыттарды қамтитын 15 халықаралық маршрутты ашу және қайта жаңғырту жоспарланған», - деді Сауранбаев Үкімет отырысында.

Дәлірек айтқанда, 13 жаңа бағыт мына қалаларға ашылады: Вена, Токио, Рим, Эр-Рияд, Ларнака, Амман, Даммам, Қашқар, Дели, Рига, Бішкек (Шымкенттен), Варшава, Үрімші ( Шымкенттен), Тель – Авив Қазақстанның басқа қалаларынан, 1 бағыт (Абу-Даби) қайта қалпына келтіріледі, 1 жаңа әуе тасымалдаушы Эйр Астана (қазіргі бағыт бойынша Шанхайға).

Сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Астана мен Алматы әуежайларында Q-gate жүйесі енгізілген.

2026 жылы Q-gate жүйесін 4 әуежайда – Шымкент, Ақтау, Ақтөбе және Атырауда енгізу жоспарланып отыр.