Жыл соңына дейін бес ірі концерт жоспарланған
Тимбалэнд, Николь Шерзингер сияқты танымал әлем жұлдыздары Қазақстанда биыл концерт береді. Бұл туралы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ғазизов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Биыл әлемдік жұлдыздардың қатысуымен бірқатар ірі концерттік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Алғашқы концертке Тимбалэнд, Николь Шерзингер, Баста Раймс және басқа да әртістер қатысады, ол мамыр айына белгіленген», - деді Ғазизов Үкімет отырысында.
Айтуынша, жалпы жыл соңына дейін кемінде 5 ірі концерттік шара өтеді.