Қазақстанның электр желісіндегі адам көре алмайтын зақымды енді жасанды интеллект табады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы бүгін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті

Фото: үкімет

Қазақстанның жылу желілері мен электр желілеріндегі ақауды енді жасанды интеллект диагностикадан өткізеді. Бұл туралы бүгін қорытынды брифинг өткізген энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір жасанды интеллектіге ерекше назар аударып жатырмыз. Еніп жатқан құралдар өз тиімділігін тәжірибеде дәлелдеп отыр. Нарық өкілдерімен бірлесіп, саланың қажеттіліктерін анықтап, ЖИ қолданудың нақты сценарилерін пысықтап жатырмыз. Негізгі міндеттер – әуе желілерін дефектоскопиялау және жылу желілерін ішкі диагностикалау. Бұл технологиялар адам көре алмайтын жасырын зақымдарды анықтауға мүмкіндік беріп, жөндеу шығындарын едәуір азайтады», - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Ақкенженовтің сөзіне сенсек, осылайша бюджеттің ондаған млрд теңгесін үнемдеуге болады.