Олар 10 маусым күні жабылған болатын
Қазақстан Қытаймен шекаралас жердегі автокөліктерді өткізу пунктерін қайта ашады. Бүгін Үкімет тиісті қаулыға қол қойды. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлап отыр.
Қаулыға сәйкес, 10 маусым күні жабылған Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қолжат», «Бақты» және «Майқапшағай» өткізу пунктері қайта ашылды.
«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №155 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-1-тармақ алып тасталсын», - делінген Үкімет қаулысында.
Қаулыға сәйкес, бұл өзгеріс туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қытай Халық Республикасына дипломатиялық арналар арқылы хабарласуы тиіс. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді және ресми жарияланады