Бірінші орында Kaspi.kz тұр
Ranking басылымы қаржы нарығындағы компаниялардың, яғни, компанияның нарықтағы құнына қатысты оларды капитализация бойынша рейтингін жасап шығарды, деп жазады Azattyq Rýhy.
KASE деректеріне сәйкес, капитализация бойынша көшбасшы — Kaspi.kz (7,3 трлн тг). Екінші орында — Halyk Bank (3,5 трлн тг), үшінші орында — Freedom Holding Corp. (1,7 трлн тг). Топ-5 қатарына сондай-ақ ForteBank (1,1 трлн тг) және Банк ЦентрКредит (839,8 млрд тг) кіреді.
«Капитализацияның өсуі инвестор сенімінің артуын көрсетеді. Көшбасшылар саланың ашықтығын, технологиялық дамуын және клиентке бағытталуын нығайтып отыр. Капитализация — компанияның биржадағы нарықтық құны (акция бағасы × акциялар саны). Бұл компанияның ауқымын және инвесторлар сенімін көрсетеді», - деп жазады сайт.
Дереккөзге сүйенсек, Kaspi.kz және Freedom Holding Corp. NASDAQ-та саудаланатындықтан, олардың институционалдық инвесторлар тарапынан қызығушылығы талданды. Екі компания да ірі болғанымен, институционалдық қатысу деңгейі қатты өзгеше:
Инвесторлар саны:
Инвесторлар қолындағы акциялар саны:
Инвесторлардың акциялар портфелі құны:
Kaspi.kz-тің топ-10 инвесторлары: Baring Fintech Manager Holding Ltd, Baillie Gifford & Co, FIL Ltd, Pzena Investment Management, FMR LLC, Schroder Investment Management, Southpoint Capital Advisors және басқалары.
Ірі өзге инвесторлар: BlackRock, HSBC, JPMorgan, Goldman Sachs, Bank of America, Morgan Stanley және т.б.
Freedom Holding Corp.-тың топ-10 инвесторлары: BlackRock, State Street, Morgan Stanley, First Trust, Geode Capital, Millennium, JPMorgan, Citadel, Vanguard, Bank of America.
Басқа танымал қатысушылар: Swiss National Bank, HSBC, Invesco, Goldman Sachs, UBS.
Kaspi.kz институционалдық капитал көлемі жағынан Freedom Holding-ке қарағанда әлдеқайда көш басында:
Қорытынды: екі компания да халықаралық инвесторлардың назарында, алайда Kaspi.kz-ке қызығушылық та, капитал көлемі де айтарлықтай жоғары. Бұл оның нарықтағы орнының мықтылығын және кәсіби инвесторлардың сенімін көрсетеді.