Қазір базалық мөлшерлеме 18 пайызды құрайды
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылы инфляция қандай жағдайда кезең-кезеңмен төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қолға алған барлық шара жүзеге асып, инфляция мен инфляциялық болжамдар төмендегеніне қарай келесі жылы біз базалық мөлшерлемені біртіндеп, кезең-кезеңімен, баяу төмендету циклін бастауға дайын боламыз», – деді Сүлейменов Сенат отырысында.
Естеріңізге салайық, 10 қазан күні Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық ставканы 18 пайызға дейін көтерді.