Қазанда Қазақстанның қор биржасында күніне 271 млн доллар сатылған - Ұлттық банк

Автор: Бақыт Шынар

Ұлттық банк бір айда 6 млрд доллар сатылғанын хабарлады

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2025 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 529,96 теңгеге дейін нығайып, айлық өсім 3,5% болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, ай ішінде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда көлемі артты: орташа күндік көрсеткіш 248 млн доллардан 271 млн долларға дейін өскен. Жалпы сауда көлемі 6 млрд АҚШ доллар болған

Қараша айында Ұлттық Банк 600–700 млн доллар көлемінде валюта сату жоспарлап отыр.