Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент жарлығы шықты

Мемлекет Басшысының Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Бұған дейін Данияр Вагапов Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Айта кетейік, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың төрт орынбасары бар.