Әр адам 15,6 млн теңгеден алған
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі жылдық қаржылық есебін бекітті және 2019 жыл бойынша қарапайым акциялар бойынша дивидент төлемеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Finance.kz телеграм-каналына сілтеме жасап.
«Жарияланған есепке сенсек, ҚазАгро былтыр біршама жетістікке жеткен. Холдингтің таза шығыны 2018 жылмен салыстырғанда 10 есеге азайып, 117 млрд теңгеден 11,2 млрд теңгеге жеткен. Бұл басқарушыларға берілетін бонустарға да әсер еткен», - деп жазылған хабарламада.
Былтыр бес адамнан тұратын басқарушыларға төленген бонус 67,6 млн теңгеден 78,3 млн теңгеге жеткен. Яғни, әр адам бір жылда 15,6 млн теңге, ал ай сайын 1,3 млн теңге бонус алған.