«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Бектеновке сауал жолдады
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдап, бюджет қаржысын жұмсаудағы заңсыздықтар мен салғырттыққа назар аударды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы өз Жолдауында: «Бюджет қаражатының әрбір теңгесі ел игілігіне жұмсалуы тиіс» деп нақты атап көрсеткен. Алайда, Аудиторлық палатаның деректері қаражаттың есепсіз жұмсалып жатқанын дәлелдеп отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан – Қырғызстан шекарасындағы «Қарасу» бекетіне қосымша 6,9 млрд теңге сұралып отыр. Бірақ ол бойынша сараптама қорытындысы да, жер теліміне құқықтық құжаттар да жоқ. Депутат мұндай жағдайды «ашық талан-таражға жол ашу» деп бағалады.
Мемлекет қаржысы алдымен халықтың күнделікті қажеттілігіне – газ, жарық, жылу мәселелерін шешуге жұмсалуы тиіс. Ал күмәнді жобаларға бюджеттен қосымша қаражат бөлу – ел мүддесіне қайшы.
Құжаттары бекітілмеген, сараптама қорытындысы жоқ, артық шығынға жол берген жобаларға қаржы мен субсидия бөлуді тоқтату.
Бюджет қаржысын бөлу кезінде негізсіз айырмашылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін заң жүзінде күшейту.
Жаңа бастамаларға кіріспей тұрып, басталған жобалардың толық аяқталуын қамтамасыз ету үшін тұрақты әрі жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Депутат бұл ұсыныстар қаржы тәртібін нығайтып, халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталуы тиіс екенін атап өтті.